Көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - алаяқтық іс-қимылдарды (antifraud) зерттеу.

«Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - алаяқтық іс-қимылдарды (antifraud) зерттеу» қызметі алаяқтық іс-қимылдарды болдырмау және сервисті, жабдықты немесе құралдарды жоғалтудың, бағдарламалық қамтылымның не аппараттық құралдар кідіруінің алдын алу, адамдар жол беретін қателерді барынша азайту, қол жеткізу құқықтарын бұзуға, ақпараттық қауіпсіздік саясатын немесе ұсынымдарды бұзуға жол бермеу, аталған қатерлер түріне төзімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдау мақсатында ақпарат алмасу жүйесін қоса алғанда, тапсырыс берушінің жүйесін (antifraud) зерттеуді қамтиды.

Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - зиянды бағдарламаларды зерттеу.

«Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - зиянды бағдарламаларды зерттеу» қызметі зиянды бағдарламалардың тапсырыс берушінің ақпараттық жүйелеріне әсерінің салдарын зерттеу, қатерлер векторын анықтау мен осындай салдарды бейтараптау бойынша жұмыстарды қамтиды.

Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - бағдарламалық қамтылымның функционалын техникалық зерттеп қарау.

«Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - бағдарламалық қамтылымның функционалын техникалық зерттеп қарау» қызметі бағдарламалық қамтылымға (бұдан әрі-БҚ) динамикалық және статикалық талдау жүргізуді, БҚ жағдайының алгоритмін айқындауды, БҚ-ның жұмысқа қабілеттілігін зерделеуді, БҚ-ның рұқсатсыз әсер етуден қорғалу деңгейін анықтауды, осындай әсердің цифрлық дәлелдерін жинауды қамтиды.

Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - қызмет көрсетуден бас тарту (DDoS- шабуылдар).

«Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету - қызмет көрсетуден бас тарту (DDoS- шабуылдар)» қызметі DDoS-шабуылдардың салдарын барынша азайту мақсатында оларды аспаптық айқындау мен бұғаттауды қамтиды.

Толығырақ ақпаратты «1400» жедел желі телефонына хабарласып алуға болады (қоңырау шалу Қазақстан Республикасының барлық аумағында тегін)