Инциденттер

KZ-CERT компьютерлік қауіпсіздік инциденттерін айқындау және шешу, сондай-ақ алдағы болатын инциденттердің алдын алу үшін шараларды өңдеу мәселелері бойынша Интернет-қауымдастықпен мақсатында құрылды. Атап айтқанда, KZ-CERT миссиясы мыналардан тұрады:

  • төтенше жағдайларда Интернет желісін пайдаланушылардың өтініш білдіруі үшін сенімді, тәуліктік, бірыңғай орталықпен қамтамасыз ету;
  • қауіпсіздік проблемаларын шешу мақсатында сарапшылардың тиімді өзара іс-қимыл жасауына жәрдемдесу;
  • компьютерлік жүйелердегі дәлсіздіктерді сәйкестендіру және түзету үшін орталықтың рөлін орындау;
  • қолданыстағы жүйелердің қауіпсіздігін жетілдіру мақсатында тексерулер жүргізу;
  • пайдаланушылар мен сервис-провайдерлер арасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер қауіпсіздігі мәселелерін түсіну және хабардарлығын ұлғайту мақсатында профилактикалық шараларды бастамалау.

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі инциденттердің келесi түрлерiн қадағалауда көмек көрсетедi:

  • Қызмет көрсетуден бас тарту (DoS, DDoS);
  • Интернет-ресурсқа шабуыл/оны бұзу;
  • Зиянды бағдарламаны жасау және тарату;
  • Интернет желiсiндегi фишингi;
  • Вирустардың болуы;
  • Ботнеттер және т.б.;