Cisco ААИ объектілерін Smart Install пайдаланудың қауіптілігі туралы ескертті

09.04.2018

Cisco командасы жариялаған хабарламасына сәйкес Желідегі жүздеген мың құрылғы Smart Install технологиясы нәтижесінде осал болып отырCisco аса маңызды инфрақұрылым объектілерін осал құрылғыларды пайдалану тәуекелдері туралы ескертті Толығырақ..

Жаңа IoT-ботнет қаржы секторына шабуыл жасауда

06.04.2018

Recorded Future компаниясының қауіпсіздік зерттеушілері интернет-теледидарлардан, web-камералар мен маршрутизаторлардан тұратын жаңа ботнет айқындады Қаржы секторының үш ұйымы ботнеттің құрбандары болды Толығырақ..

Android-тағы аса маңызды 9 осалдық жабылды

04.04.2018

Google компаниясы Android қауіпсіздігі бойынша жойылған осалдықтар тізбесі берілген кезекті бюллетень шығарды Әзірлеуші 28 осалдықтың тоғызын аса маңызды ретінде, қалғанын – қауіптілік деңгейі жоғары ретінде бағалады Толығырақ..

Microsoft жоспардан тыс Windows 7 және Windows Server 2008 арналған патч шығарды

30.03.2018

Microsoft компаниясы Windows 7 және Windows Server 2008 64-разрядты нұсқаларына Meltdown (CVE-2017-5754) осалдығы үшін қаңтарда шығарылған патч туындатқан жөнсіздіктерді түзетуге арналған жоспардан тыс қауіпсіздік жаңартуын шығарды Швед маманы Ульф Фриск (Ulf Frisk) бұрын хабарлағандай, қаңтардағы «түзетулер енгізу сейсенбісі» шеңберінде шығарылған патч кез келген пайдаланушылық қосымшаға операциялық жүйенің ядросындағыны оқуға, сондай-ақ ядроның жадысына деректер жазуға мүмкіндік бере отырып, ең маңызды осалдыққа әкелді Толығырақ..

jRAT бэкдоры дарквебте орналастырылған файлдарды шифрлау сервисін пайдаланады

29.03.2018

Trustwave сарапшылары jRAT бэкдорының жуырдағы шабуылдарында дарквебте орналастырылған файлдарды шифрлау сервистері пайдаланылғанын, бұл зиянкестерге әшкере болудан құтылуға мүмкіндік беретінін хабарлайды jRAT зиянкесі (сонымен қатар Adwind, AlienSpy, Frutas, Unrecom және Sockrat ретінде белгілі) қашықтықтан қол жеткізу (RAT) функциясы бар бэкдорды білдіреді, ол Windows операциялық жүйелеріне шабуыл жасайды Толығырақ..