KZ-CERT қызметі Интернетте есірткі трафигімен күресті жалғастыруда

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қазақстан Республикасының аумағында есірткі заттарды таратқанелуден астам интернет-ресурсты анықтады.

Елуден астам интернет-ресурстар Интернет сегментінің ашық қол жетімдігінде болды, онда әрбір адам есірткі заттарын сатып алуға тапсырыс беріп және оларды кедергісіз ала алады.

Қазақстандық Интернет сегментін талдау барысында KZ-CERT қызметінің сарапшылары .kz домендік аймағында орналастырылмаған, бірақ қазақстандықтар «тапсырыс» деп аталатын жеткізу қызметін ұсынатын интернет-ресурстарды анықтады. Сонымен қатар, жеткізу арқылы сатып алу мүмкіндігі бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылды. Бірқатар интернет-ресурстар аймаққа байланысты соманы (тг., руб., usd.) көрсете отырып, валютаны айырбастауды жүзеге асырды.

Сонымен қатар, кейбір интернет-ресурстарда бұдан әрі тарату үшін көтерме сатып алу мүмкіндігі берілді.

«KZ-CERT» және құзыретті органдардың бірлескен жұмысының арқасында осы интернет-ресурстар бүгінгі күні қол жетімсіз.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «KZ-CERT» қызметі есірткі заттарын тарататын 46 интернет-ресурсты анықтады.

Құрметті қазақстандықтар!

«KZ-CERT» сондай-ақ осындай интернет-ресурстарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізетін болады, алайда сіздің назарыңызды есірткі сатушылар сату құралдарын таңдауда жиренбейтініне, сондай-ақ ауыстыру, онда олар өз қызметін жүзеге асыратын жаңа беттерді жасау тәуекелдеріне аударамыз. Сондықтанда біздің балаларымыздың, туған-туыстарымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін баршаңызды ерекше қырағылық танытуға шақырамыз және интернет-ресурстардың осындай түрі анықталған жағдайда бізге 1400 нөмірі бойынша немесе телеграмм https://t.me/kzcert тобына хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз желіде есірткі трафиктерін тоқтата аламыз.