Word онлайн-редакторы туралы не білу қажет?

Біз 30 жыл бұрын елестету қиын болатын тамаша келешекте өмір сүретініміз рас емес пе.

Қонақтар келіп, фотоальбомдар қараған күндер естеріңізде ме? Содан кейін бір немесе екі сүретке түсу үшін барлығы үстелдің қасына жиналатын, өйткені таспаның бітіп қалуы мүмкін еді.

Қазір оның бәрі өтіп кеткен уақыт және цифрлық технологиялар біз үшін көп нәрсенің орнын басты. Енді сауда жасау үшін телефонда жеңіл операциялар орындау жеткілікті және тапсырысты үйіңе жеткізіп береді.

Бізге блокноттар, сағат, күнделіктер, фотоальбомдар, құжаттар алып жүру қажет емес, өйткені мұның барлығын телефонда, сонымен қатар, бұлтты сақтау орындарында сақтауға болады.

Жалпы цифрландыру процесін дамыту тұрғысынан бұлтты сақтау орындары мен онлайн редакторларды құру – сәтті шешім. Алайда, бүгін біз ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды тиісінше қамтамасыз етпей онлайн редакторды пайдаланып, сіз өзіңізді немесе өз компанияңызды қандай тәуекелдерге ұшырататыныңыз туралы сөйлесеміз.

Зиянкестер онлайн редакциялау режимінде (мақсатты хостта сақталған) ашық болған, әдеттегі Word құжаты арқылы осы құжат авторының компьютеріне қолжетімділік ала алған оқиға туралы айтып береміз. Бұл осы құжаттың авторы абай болғанына және жоба парольмен қорғалғанына қарамастан орын алды.

Әрине, тағы біреуді итермелемеу үшін біз нақты алгоритмін жазбаймыз, дегенмен:

Зиянкес басқа редактор арқылы парольдік саясатты ескермей, кіріктірілген макросты шығара алды, бастапқы құжатты жойып, екілік файлды пайдалана отырып, оны алмастырушығаайырбастады делік.

Бүгінгі күні аталған ақпараттық қауіпсіздік инциденті жойылды және зиянкестердің әрекеттері компанияға зиян келтірген жоқ.

Достар, егер сіздің бизнес-процесіңіз онлайн-редакторды беруді талап етсе, сіздерге осы құжатты тиісінше қорғауды қамтамасыз етуді ұсынамыз.