Қара жұмада алаяқтардың құрбанына айналудан қалай құтылуға болады?

Жаңа жыл таяп қалды және сауда саласының көптеген ірі алыптары науқан жариялайды да, онда әрбіреуіміз алдын ала сыйлықтар дайындай аламыз.

Қара жұма қарсаңында алаяқтар брендті тауар мәміле бағасы бойынша ұсынылатын жалған аккаунттар жасайды. Бұдан бөлек, Сіздің назарыңызды тартатынына сеніммен поштаға хаттар жіберіліп, фишингтік интернет-ресурстар құрылады.

Қазақстанда ең жақын уақытта болатын Қара жұмалардың бірі 29 қарашаға, яғни ертеңге жоспарланған.

Алаяқтар ақша табу мүмкіндігі бар жерде болатыны белгілі.Қара жұма да одан ерекше емес. Сондықтан KZ-CERT қызметі онлайн режимінде «сауда жасауға» әуесқойлар үшін ұсынымдар тізімін дайындады:

1) Алаяқтық интернет-ресурсқа ұшырамау үшін белгілі интернет-дүкендерді ұстанған дұрыс. Дүкен туралы пікірлерді дереккөзінен оқымай, Интернеттен іздестіріңіз. Сондай-ақ іздеу жолындағы домендік ат пен домендік аймаққа назар удару қажет.

2) Өзіңіздің төлем туралы ақпаратыңызды қорғаңыз. Мәселен, сіз белгілі соманы жұмсауды жоспарлайсыз, барлық ақшалай қаражаттың жоғалуына жол бермеу үшін дәл осы сомаға шектеу қойыңыз.

3) Өзіңіздің аккаунттарыңыз бен парольдеріңізді қорғаңыз. Көптеген интернет-ресурстарда аккаунтты әлеуметтік желілерге байланыстыру арқылы авторлануға болады. Осылайша, зиянкес әлеуметтік желілердегі сіздің парақшаңызға қолжетімділік алуы мүмкін. Сондықтан интернет-дүкенінде профайлды алдын ала жасауды ұсынамыз, әсіресе, егер сіз бұрын ештеңе сатып алмаған сауда нүктелерінде сауда жасауды жоспарласаңыз.

4) Ашық Wi-Fi желілеріне қосылмау. Егер сіз үйден шықсаңыз, бірдеңе сатып алудан бұрын үйге қайтып оралуыңызды ұсынамыз. Қалай болғанда да қосылу үшін көпшілікке қолжетімді Wi-Fi қол жеткізу нүктесін емес, өз телефоныңыздағы ұялы деректерді пайдалану, себебі зиянкестерге сіздің деректерді ұстап қалу қиындау.

Әрине, алаяқтықтың осы түрінен қорғалудың 100% алгоритмі жоқ, өйткені бұл жерде бәрі Сізге байланысты. Алайда, күн сайын осы ұсынымдарды сақтап, сіз Қара жұмада ғана емес, алаяқтардың құрбаны болу тәуекелдерін барынша азайтасыз.