Компьютерге қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеңіз

Соңғы уақытта биржалық сауда-саттыққа қатысу схемасына тартылған азаматтардың жүгіну оқиғалары жиелеп кетті.

Жүгінген адамдардың хабарламалары бойынша, брокерлер деп аталатындар алдамшы жолмен онлайн-несиелер ресімдеуге және осы қаражатты компанияның (брокердің) шотына аударуға мәжбүрлеген. Яғни пайдаланушының жеке кабинеті құрылып, онда бастапқы уақытта шоттағы сома шынымен көбейген, бірақ белгілі бір сәтте брокерлер қоңырау шалып, «нарықтың» төмендеуі және бюджетті сақтап қалу үшін шоттарды нығайту қажет екенін, ал ол үшін оларды толықтыру керектігін хабарлаған. Осы әрекеттер жасалғаннан кейін, өкінішке орай, шоттағы сома кеміп, қаражатты қайтадан енгізу талап етіледі.

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің бұған қандай қатысы болуы мүмкін, алайда одан әрі брокерлер бұл адамдардың байланыстарын ашық ақпарат көздерінен алатыны хабарланады. Мәселен, жүгінген адамдардың біреуі өзінің нөмірі мен электрондық поштасын бейтаныс интернет-ресурста қалдырған. Мұның барлығы қарапайым кибергигиена қағидаларын сақтамауға байланысты. Сонымен қатар, биржадағы операцияларды жасаудың тиімділігі үшін (брокерлердің схемасына сәйкес) пайдаланушылар компьютерді қашықтықтан басқару мен бақылауға арналған бағдарламалық қамтылымдарды (AnyDesk немесе TeamViewer) орнатқан. Осымен, белгісіз біреу пайдаланушылардың жұмыс станцияларына қолжетімділік алған. Бұл жағдайда қолжетімділік биржалық ойындарға қатысу үшін операциялардың жүргізілу процесін және кейінгі іс-қимылдарды бақылауға талап етілген. Аталған тұлғалар өкінішті салдарларға әкелуі ықтимал болған тыңшы –бағдарламаны, зиянды бағдарламалық қамтылымды, майнерді және өзде де әрекеттерді орнатуы мүмкін болғаны сөзсіз. Бұдан басқа, компьютерге қолжетімділікке ие болып, пайдаланушының парольдер сақталған барлық станцияларындағы есептік жазбаларының деректерін жинап алу мүмкіндігі болды.

Сондай-ақ, пайдаланушылар операцияны растау үшін банктен келетін біржолғы кодты (SMS парольді) да жібергенін атап көрсеткіміз келеді.

Сондықтан компьютерге қолжетімділікті белгісіз адамдарға беру салдары өкінішті болуы ықтималдығына барлық қазақстандықтардың назарын аударамыз. Және де оңай ақшаны іздемеу, себебі мұндай схемалар, өкінішке орай, Сіздің мақсатқа қайшы келетін бір мақсатты көздейді.