МТҚ РМК «Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

Бүгін Алматыда "Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің РММ "Мемлекеттік техникалық қызметі" атынан, "KZ-CERT" Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің басшысы, Медет Искаков пленарлық сессияда әрі қатысушы әрі баяндамашы ретінде қатысты.
Пленарлық отырыс барысында Медет Искаков Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігінің жай-күйімен бөлісті.
Бұл баяндама барлық қатысушылардың қызығушылығын оятқаны қуантады. Сонымен бірге, конференция қатысушылары сұрақтар қойып, киберқауіпсіздік жағдайын жақсарту және ақпараттық қауіпсіздік құралдарын тиімді пайдалану бойынша шешімдер ұсынды. Осылайша, конференция интерактивті форматқа ауысып, brainstorm жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің РММ "Мемлекеттік техникалық қызметі" атынан, біз Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ақпараттық және Есептеуiш Технологиялар Институтына қоғамның назарын ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз, өйткені сіздер білетіндей кез-келген процесс ғылым және оны егжей-тегжейлі зерттеу арқасында жақсарады.