«KZ-CERT» ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ NARXOZ UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін «KZ-CERT» қызметінің басшысы Медет Ысқақов Narxoz University студенттерімен қызметтік іссапары аясында кездесіп, Қазақстандағы киберқауіпсіздік жағдайымен бөлісті.

Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбымен жиналған қауымның қызығушылығын тарту мақсатында ақпараттандырудың тиімді форматы – storytelling қолданылды. Осы формат арқасында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға ауқымды жауаптармен қанағаттанғандықтан, білім алушылардың сұрақтар саны ұлғайып, кездесудің регламенттік уақыты созылды. Ал техникалық кейстар тақырыбын түсіндіру кезінде Медет Ысқақовтың студенттер көңілін жаулағаны сонша, мысалдарды талқылауда өз анализдерін жасап, болжам, ойларымен жарыса бөлісті.

РМК «Мемлекеттік техникалық қызмет» жүзеге асыратын жұмыс барысы түсіндірілді. Сонымен қатар, РМК «МТҚ» бастауымен ұйымдастырылатын олимпиада тұралы жарияланып, барлық қызыққан студенттер сонда қатысуға шақырылды.

Оқу орнының ректоратымен кездесу кезінде, РМК «МТҚ» және Narxoz University арасында Меморандум жасау шарттары талқыланып, 2-4 курс студенттерінің РМК «МТҚ» қабырғасында өндірістік тәжірибелері мен дипломдық тәжірибелерін өтеді деп келісілді.