Студенттік IT-олимпиаданың өткізілуі туралы

2013 жылдың 5 сәуірінен бастап ҚР ККМ «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетімен бірігіп, «Ақпараттық технология және ақпараттық қауіпсіздік» және «радиотехника және телекоммуникация» секциялары бойынша 3-4 курс студенттері және магистранттарына арналған жоғары оқу орындары арасындағы «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника» атты студенттік олимпиада өткізеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы жүлделер қарастырылған: танымал смартфондар мен планшеттер.

Қатысушылардың тіркелуі 2013 жылдың 2-4 сәуір аралығында олимпиаданың http://olimpiada.ctsat.kz/kz ресми Интернет-қорында жүргізіледі.