«Компьютерлік инциденттерге әрекет ету» тақырыбында семинарлар өткізу туралы

Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «Компьютерлік инциденттерге әрекет ету» тақырыбында семинарлар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Семинарлар келесі аймақтарда өткізіледі:

1. Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 69 үй, «Достық» мейрамханалық кешені, 19 сәуір 2013 ж.

2. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 127/1 үй, «Қазжол» мейрамханасы, 23 сәуір 2013 ж.

3. Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, "Семей" мейрамханалық кешені, 25 сәуір 2013 ж.

4. Ақтау қаласы, 13 ш.а., 25А ғимараты, Grand Hotel Victory, 30 сәуір 2013 ж.

5. Астана қаласы, Жәнібек, Керей хандар көшесі, 18 үй, Тiлеп Қобыз Сарайы, 24 мамыр 2013 ж.

Семинар бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылады:

  • Ақпарат және оның жеке және мемлекеттік сектордағы рөлі. Компьютерлік инциденттердің ұғымы.
  • Ұйымдағы ақпараттың қауіп-қатерлер факторлары және олардың классификациясы.
  • Компьютерлік инциденттердің туындауының негізгі алғышарттары.
  • Компьютерлік инциденттер келтірген зиянды барынша азайтудың негізгі шаралары.
  • Компьютерлік инциденттер келтірген зиянды барынша азайтудың заңды алғышарттары.
  • Компьютерлік инциденттер келтірген зиянды барынша азайтудың техникалық алғышарттары.