Назар аударыңыз! Фишинг жіберілімі!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК зиянкестердің мобильдік мессенджерлер арқылы төлемдерді қолайлы жүргізу үшін Homebank жаңа порталында тіркеуден өтуге шақырулар тарататыны туралы ескертеді.


Ұснылған сілтеме бойынша өткен кезде Homebank интернет-ресурсын ұқсастыратын, төлем карточкасының деректерін енгізу ұсынылатын парақша ашылады.


Сұрау салынып отырған деректерді енгізген жағдайда, зиянкес Сіздің банктік карточкаңыз туралы мәліметтерді алып, бұл оған ондағы ақша қаражатын ұрлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазргі уақытта аталған фишинг интернет-ресурсына қолжетімділік бұғатталды.

Банктің клиенттеріне базалық ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ұсынамыз. Мерекелер кезеңінде сатып алулар мен жарнамалық жіберілімдер көлемінің ұлғаюына байланысты ерекше қырағылық танытып, күдікті парақтарға кірмеуге, олар бойынша өтпеуге шақырамыз.

Жүргізілетін операциялардың логикасында кез келген өзгерісті айқындаған кезде (мәселен, бұрын болмаған қосымша парольдердің пайда болуы) пайдаланушыларға банктердің колл-орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. Сізден оның барысында кез келген ақпаратты (картаның нөмірі, CVV код, ПИН, төлемдердің егжей-тегжейі, кодтық сөз және т.б.) ұсынуға өтініш білдірілетінкез келген қоңырау, банктен сияқты - Сізді алаңдатуы тиіс. Сізге қоңырау шалған кезде сөйлесу барысында осындай ақпаратты сұраған жағдайда – ештеңе хабарламай, әңгімені тоқтатуға және банктің колл-орталына қайта қоңырау шалуға кеңес береміз.

Колл-орталықтың нөмірін – картадан қараңыз. Сізге қоңырау шалған кезде хабарланған нөмірлерге (қысқа нөмірлерге де) ешбір жағдайда қоңырау шалмаңыз (зиянкестер Сізді қауіпті іс-қимылдар жасауға сендіру үшін өздері бақылайтын телефон нөмірін хабарлауы мүмкін).

Сіз интернет-банкингтің сайтына кіретін, сондай-ақ Өз карталарыңыздың көмегімен ақы төлеуді жүзеге асыратын құрылғыларды (компьютер, ноутбук, планшет) мұқият және абайлап пайдалануды сұраймыз. Ойын, көңіл көтеру бағытындағы сайттарға, бейтаныс ресурстарға кірмеуге, «таңғаларлық оқиғалар» бар сілтемелер мен баннерлер бойынша өтпеуге кеңес береміз – мұндай сайттар және жаңалықтар түрлі зиянды БҚ-мен пайдаланушыларды зақымдау үшін жиі пайдаланылады.

Сондай-ақ, СМС хабарламалар мен бір жолғы кодтар келетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият болыңыз. Осындай телефон ретінде смартфон пайдаланылған кезде – оған вирусқа қарсы БҚ орнатуды қатаң түрде ұсынамыз.

Зақымдауға әрекет жасау үшін пайдаланушыны күдіктендірмейтін форматтағы файлдар (мәселен, doc, pdf, xls) пайдаланылуы ықтимал. Зақымдау үшін файлдардың (соның ішінде – белгілі офистік қосымшалардың) белгілі форматтарының басым бөлігін пайдалануға болатынын ескереуді сұраймыз.

Кез келген күмәнді хатты (Сізге қандай да бір операцияны шұғыл немесе қысқа уақытта орындау ұысынылатын (не Сізді мәжбүрлеуге әрекет етілетін) бейтаныс адресаттан, күтпеген тақырыпта) –зиянды ретінде қарауға кеңес береміз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеруге кеңес береміз – зиянкестер мекенжайындағы бір-екі әріпті өзгертіп, хатты Сіздің танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан жібере алады.