Назар аударыңыз! Фишинг жіберілімі!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі зиянкестердің Instagtam әлеуметтік желісіндегі жалған парақшаларындағы хабарламаларды кезекті жаппай таратуы туралы ескертеді.

Жіберілім @qazkom_offical және @qazkom_promo логиндерінен жүзеге асырылады, сондай-ақ Facebook messenger-ге зиянкестер жалған парақшаға сілтеме көрсете отырып, банктің атынан Homebank.kz жаңа нұсқасы іске қосылғанын хабарлайтын хабарламаларды жіберу. Парақшаға өткен кезде клиентке CVV кодын қоса, төлем карталарының деректемелерін енгізу ұсынылады.

Қазіргі уақытта аталған фишинг интернет-ресурсына қолжетімділік бұғатталған.

Осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтау қажеттілігін тағы естеріңізге саламыз – күдікті парақшаларға кірмеу, олар арқылы өтпеу.

Орындалатын операциялардың логикасында кез келген өзгеріс айқындалған жағдайда (мәселен, бұрын болмаған, қосымша жолдардың пайда болуы) банктердің колл-орталықтарымен хабарласу.

Ескертеміз:

  • Банктің өкілдері сізден шоттардың және банк карталарының деректемелерін, ПИН-кодтарды, CVV кодтар мен басқа құпия ақпаратты хабарлауды ЕШҚАШАН сұрамайды;
  • Банктер клиенттермен байланысуды ресми интернет-ресурстарда көрсетілген ресми байланыс арналары арқылы ғана жүзеге асырады;
  • Естеріңізде сақтаңыз: банк сіздің деректерді алу үшін еш уақытта сізге бірінші болып, оған қоса жазу арқылы хабарласпайды.Хабарласуды әрқашан Клиент бастамалайды.
  • Өзіңіздің дербес деректеріңізді, соның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, төлем картасының деректемелерін (16-саннан тұратын нөмір, ұстаушының аты, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC-коды), авторланудың SMS-кодтарын еш бір жағдайда ешкімге жібермеңіз.

Жоғары қырағылық танытыңыз! Айлакерлер айласыз емес.

Өз шоттарыңыз бен карталарыңыз бойыншаSMS-хабарламалар қызметін қосуды ұсынамыз және күдікті транзакциялар жағдайында, банктің колл-орталығы арқылы шоттар мен карталарды дереу бұғаттаңыз.

Осы постты жолдастармен ұмытпай бөлісіңіз, себебі алдын ала ескертілген – қарулы болып табылады!

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұқсас инциденттері туралы ақпарат айқындаған жағдайда ақпаратты KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің incident@kz-cert.kz немесе әлеуметтік желілердегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді, сондай-ақ 1400 «жедел желі» телефонына хабарласуды сұраймыз (қоңырау шалу тегін).