Зиянды майнинг 2018 жылғы бірінші тоқсанда 4000%-ға ұлғайды

Malwarebytes мамандары жариялаған есепке сәйкес криптоджекинг инциденттерінің саны 2018 жылғы бірінші тоқсанда алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда4000 % арта түскен. Ал күшпен алушы бағдарламалардың шабуылдары керісінше бәсеңсіп, олардың саны 35 %-ға қысқарды.

Компания қызықты инфонографиканы ұсынды. Мәселен, төмендегі графикте қарапайым пайдаланушыларға шабуыл жасаған зиянды майнингті айқындау санын бағалауға болады. Өткен жылдың төртінші тоқсаны мен ағымдағы жылдың біріншісі салыстырылады.

Ал төменде берілген сурет ұқсас көрсеткіштерді, бірақ құрбан ретіндегі бизнес-орталығымен бейнелейді.

Зерттеушілер сонымен қатар үй пайдаланушыларына төнетін негізгі қатерлердің арасында әр түрлі адваре – пайдаланушыларға жалықтырғыш жарнама көрсететін бағдарламаларды ерекшелендірді. Пайдаланушылармен қатар кәсіпорындарға төнетін ең белгілі қатерлердің рейтингісін келесі суреттен бағалауға болады.

Ақпарат көзі: anti-malware.ru