Алматыда "KazHackStan" екінші конференциясы өтті

5 қазанда Алматы қаласында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге арналған «Kaz'Hack'Stan» практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушы ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қолдауымен Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы болды.

Іс-шараға Қазақстанның әр өңірлері мен шет мемлекеттерден 1000 астам адам қатысты, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары, IT-әзірлеушілері, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері, безнесмендер және вендорлар.

Конференция бағдарламасында:

  • қазақстан және шетелдік жетекші ақпараттық қауіпсіздік сарапшыларының баяндамалары, іс жүзіндегі кейстер;
  • практикалық дағдыларды арттыруға арналған киберполигон;
  • lockpick Stand – механикалық құлыптарды ашу және қорғау әдістері туралы стенд;
  • 8-битті ойындар ортасына бейімдеу мүмкіндігімен «retroGames» алаңы қамтылды.

ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мамандары аталған іс-шараның шеңберінде «Алдамшы және нақты қатерлер», «Қазақстандағы вирустар. Іс жүзіндегі кейтерге шолу» баяндамаларымен сөз сөйледі.

Өткен конференцияда KZ-CERT қызметкерлерінің Киберполигонды бұзуға қатысу, сондай-ақ Retrogames, Social Engineering және Lockpick аймақтарына кіру мүмкіндігі болды. Конференцияның форматы отандық және шетелдік ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші мамандардың тәжірибелік баяндамаларына, сондай-ақ іс жүзіндегілерге барынша ұқсастырылған инфрақұрылым үлгілері мен оларға шабуылдар жасауды зерттеу мүмкіндігі берілген әртүрлі бағыттардағы стендермен жұмыс істеуге негізделген. Сонымен қатар іс-шараның бағдарламасында ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың өзекті мәселелері қамтылып, мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық аспектілердің мәселелерін талқылау жүргізілді.