mulhervaidosa.info алаяқтық интернет-ресурсы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі mulhervaidosa.info алаяқтық интернет-ресурсы айқындалғанын ескертеді.

Бұл инцидентті талдау көрсетті, мына парақша https:/mulhervaidosa.info/posobie/ мынадай мәтіндік хабарламадан тұрады: «МӘСҚ» АҚ» 1991 және 2018 жылдар аралығындағы мезіглінде жұмыс істеген Қызметкерлер, Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 560 000 теңге сомасына жәрдемақы шығаруға құқылы. Осы жәрдемақыға құқығы бар адамдар тізімінде сіздің атыңыздың көрсетілгенің тексеріңіз:».

Зиянкестер мобильдік мессенджерлер мен электрондық поштаны пайдалана отырып, mulhervaidosa.info/posobie/# интернет-ресурсында ақшалай жәрдемақы алу және сілтеме бөлісу үшін сауалнама өтуге шақыруды таратуды WhatsApp мессенджері арқылы жүзеге асырды.

Хабарламаларды таратуды жүзеге асырғаннан кейін, сауалнамаға қатысушыны әр түрлі интернет-ресурстарға бағыттаған. Пайдаланушыға «Офертаның шарттарымен келіскеннен» кейін ғана пайда болған бейне роликті көру үшін ұсынды.

Видеоролик іске қосылғаннан кейін «Видеоқызықтар» қызметіне күніне 50 теңге тарифімен, төмендегі қойылған оферта талабына сәйкес автоматты түрде жазылу жүргізіледі. Қызметті өшіру үшін, хабар алмасу құралында «stop» хабарламасымен жауап беру керек.

Қатысушыға ұялы телфон нөмірін енгізу және «MobicoPortal» мобильді жүктеу сервисін қатысушының ұялы телефонына жіберілген пин-кодты енгізу арқылы іске қосу ұсынылды.

KZ-CERT қызметі белгісіз адресаттың кез келген күдікті хатын, күтпеген тақырыпта, онда Сізге ұсынатын немесе Сізді қаржылық әрекеттермен байланысты әрекетті орындауға мәжбүрлеуге тырысатын операцияны - алаяқтық ретінде қарауды ұсынады.

Бұдан басқа, жіберушінің мекен-жайын мұқият тексеруге кеңес береміз, өйткені зиянкестер Сіздің танысыңыздың немесе сенім білдірілген ұйымның атынан хат жібере алады, мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертеді.

ЕГЕР СІЗ АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЦИНДЕНТТЕРГЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСЫП, ТЕГІН БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА 1400 НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП, КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: INFO@KZ-CERT.KZ

INCIDENT@KZ-CERT.KZ