Алаяқтық және фишингтік интернет-ресурстардын белсендендірілуі

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі күнделікті негізде алаяқтық және зиянды интернет-ресурстарды айқындайды. Тек 2019 жылдың қаңтар айында 200-ден астам интернет - ресурстар айқындалды – «сауалнама сайттары, жылдың орасан зор сауалнамасы», сонымен қатар зиянкестердің белсенділігі мерекелік маусымдармен байланысты.

KZ-CERT Қызметімен «Интернет-ресурста Фишинг» ретінде сыныпталған, фишинг парақтар мазмұнымен 67 интернет-ресурс тіркелген.Өткен кезеңде зиянкестермен интернет-сервистер, интернет-банкинг және авторизацияны растаудың интернет-ресурстары қызметі саласында фишингті әзірлеу үрдісі бекітілген.

Зиянкестер мобильді мессенджерлер және электрондық пошта арқылы мерекелік сылтаумен соңғы мақсаты кепілдік бекітілген төлемін орындау болып табылады немесе төленетін бонус үшін комиссияны төлеу немесе банк карталарының деректерін енгізу болып табылатын сауалнамадан өтуге шақыру арқылы таратуды жүзеге асырады, қаражатты жоғалтуды болдырмау үшін мұны мүлдем істемеу керек.


ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТА КҮДІКТІ БЕЛСЕНДІЛІК БАЙҚАЛСА, СІЗДІҢ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРІҢІЗГЕ БЕЛГІСІЗ ФАЙЛДАРДЫ ЖҮКТЕГЕНДЕ НЕМЕСЕ БӨГДЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТА ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖӘНЕ БАНК КАРТАЛАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА, ҚЫРАҒЫ БОЛУҒА ЖӘНЕ ТЕГІН БІРЫҢҒАЙ 1400 ҚЫСҚА НӨМІРІНЕ НЕМЕСЕ INCIDENT@KZ-CERT.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАУДЫ ҰСЫНАМЫЗ.