KZ-CERT және GROUP-IB өзара тусіністік туралы Меморандумға қол қойды

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі және жоғары технологияларды пайдалана отырып, киберқылмыс пен алаяқтықтың алдын алу және тергеу жөніндегі жетекші халықаралық компаниялардың бірі Group-IB компаниясымен (Ресей Федерациясы) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар компьютерлік инциденттерге жедел және тиімді әрекет ету, компьютерлік зерттеулерді бірлесіп жүргізу, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға көмек көрсету туралы келісті.