WhatsApp-қа бұғаттаудан Face ID немесе Touch ID бойынша шығаруды қолдау енгізілді

Facebook интрнет-алыбына тиесілі белгілі WhatsApp мессенджері iOS мобильдік операциялық жүйесіне арналған кезекті жаңартуды алды. Бұл релиз жаңа функциясымен ерекшеленді – биометриялық аутентификацияны қолдап отыру енгізілді, енді қосымшаны Face ID немесе Touch ID пайдаланып бұғаттаудан шығаруға болады. Өкінішке орай, жаңа функция әрбір чатқа жеке бапталмайды, дегенмен бізге қазіргі уақытта ұсынылып отырғаны да – қосымшаның пайдаланушыларының құпиялылығына қарай едәуір жаман емес қадам.


Аталған мүмкіндікті іске қосу үшін мына мекенжай бойынша өтеміз:
«Баптаулар» -> «Есептік жазба» -> «Құпиялылық» -> «Экранды бұғаттау». Мынадай экранды көреміз:


Осы опцияны іске қосқан кезде, WhatsApp қосымшаға толық қол жеткізу үшін саусақтың ізін немесе бет келбетін сканерлеуді талап ететін болады. Алайда, шұғыл жауаптар мен хабарламалар бәрі бір қолжетімді болып қалады.


Ақпарат көзі:anti-malware.ru