Firefox 65 Avast және AVG-мен қақтығысуда, Mozilla жаңартуларды уақытша тоқтатты

Өткен аптада шығарылған Firefox 65 проблемалардың орын алуымен белгілі болып үлгерді – пайдаланушылар танымал сайттарға кіру кезінде «Сіздің қосылуыңыз қорғалмаған» деген ескерту шығатынына шағымданды. Mozilla Windows жүйелеріне арналған жаңартуларды жіберуді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Пайдаланушылар Firefox 65 байланысты проблемаларға AVG немесе Avast вирусқа қарсы бағдарламалары орнатылғандар тап болатының тәжірибелік жолмен анықтады. Жалықтыратын хабарлама HTTPS бойынша жұмыс істейтін сайттарға кірген кезде пайда болатын.

Проблеманың тамыры вирусқа қарсы шешімнің екеуі де – Avast-мен қатар AVG жабдықталған HTTPS фильтрлеу функциясында болып шықты. Нәтижесінде баг пайдаланушыларды HTTPS бойынша жұмыс істейтін кез келген сайтқа кіргізбеген.

Mozilla жаңартуларды шығаруды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдап, бұл зардап шеккен адамдардың саныназайтуға көмектеседі.

Жақында біз Mozilla өзінің Firefox браузерінің бірінші мажорлық жаңартуын 2019 жылы шығарғанын жазған едік. Firefox 65 онда түрлітрекерлерден толығырақ ойластырылған қорғау іске асырылғанымен және бақылауға кедергі туғызатын функциялардың жақсартылғанымен ерекшеленді.

Ақпарат көзі: anti-malware.ru