Password Checkup сервисі есептік деректердің сенімділігін тексереді

Google 5 ақпанда пайдаланушыларды бұрын бұзылған сайттарда пайдаланылған логиндер мен парольдердің комбинациясы пайдаланылған кезде ескертуге арналған Password Checkup деп аталатын жаңа сервисті ұсынды.

Password Checkup 4 миллиардтан астам жария етілген есептік деректер қамтылған шифрланған дерекқорымен, пайдаланушының кез келген сайтта енгізілген логині мен паролін автоматты түрде салыстыру жолымен жұмыс істейтін, Chrome браузеріне арналған тегін кеңейтуді білдіреді.Логиндер және парольдер жария етілгендер тізімінде айқындалған жағдайда Password Checkup оларды ауыстыруды ұсынады.

Google-де сервис пайдаланушылардың құпиялылығына қауіп төндірмейді – барлық ақпарат шифрланған түрінде сақталып, компанияның оған қол жеткізуге рұқсаты жоқ деп сендіруде. Сондай-ақ корпорацияда кеңейту жіберетін барлық статистика жасырын деп атап көрсетілген.

Google сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды ұсынды, оның ішінде: БҚ үнемі жаңарту, әр сайтқа бірегей парольдер пайдалану, Google қауіпсіздігін тексеруді жүргізу, парольді қалпына келтіру үшін телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын пайдалану, сондай-ақ екі факторлы аутентификацияны баптау.

Ақпарат көзі: securitylab.ru