Оutlook-тың кейбір пайдаланушыларының аккаунттары бұзылғаны туралы Microsoft ескерту жасады

Белгісіз зиянкестер Microsoft техникалық қолдау қызметі қызметкерінің аккаунтын бұзып, бірнеше ай ішінде Outlook пошталық сервисі пайдаланушыларының есептік жазбаларына қол жеткізген.

Қылмыскерлер электрондық мекенжайларды, папкалардың атауын, тақырыптарды көре алған, бірақ хаттар мен қосымшалардың мазмұның емес.

TechCrunch басылымының мәліметтері бойынша, атына кір келтірушілік 2019 жылдың 1 қаңтарынан28 наурызына дейін орын алды. Зардап шеккендердің ішінде сервистерді пайдаланушылар @outlook.com, @hotmail.com, @msn.com, оқиға корпоративтік пайдаланушыларға әсер етпеді. Компания аймақ және зардап шеккен пайдаланушылардың саны туралы деректерді ашпады, бірақ TechCrunch бұзылған аккаунттардың бір бөлігі Еуроодақ елдеріне жатады деп болжайды. Сондай-ақ техногтгантзиянкестер техникалық қолдау қызметі қызметкерінің есептік жазбасын дәл қалай бұзғаның хабарламады. Бұл есептік жазба енді ажыратылды.

Алайда шабуыл жасаушылар есептік деректерге және басқа да жеке ақпаратқа қол жеткізе алмаса да, Microsoft сақтық шаралары ретінде барлық пайдаланушыларға парольдерді қайта орнатуды ұсынды.

Ақпарат көзі: securitylab