KZ-CERT командасы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын шығарады.

KZ-CERT командасы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын шығарады.

Алты айдың ішінде KZ-CERT командасы шабуылдарға, қатерлерге және т.б. байланысты 10,5 мыңға жуық инциденттерді тіркеді. Олардың ішінде 9 мыңға жуығы халықаралық ыңтымақтастық шеңберінде тіркелген.

Интернет ақпаратты сақтау және беру үшін біріктірілген компьютерлік желілердің халықаралық жүйесі болып табылатының назарға ала отырып, зиянкестердің шабуылдары әлемнің әртүрлі елдерінде тіркелген.

Осындай инциденттерді алдын ала анықтау үшін, KZ-CERT командасы халықаралық серіктестермен келісім жасау бойынша бірлесіп белсенді жұмыс жүргізеді, онда зиянды бағдарламалық қамтылыммен фишингтік шабуылдар болжанады және зиянсыздандырылады.

Мысалы, 2017 жылдың ұқсас кезеңінде шабуылдар саны 13,5 мыңды құрады, олардың 12,7 мыңы халықаралық ұйымдардың инциденттері.

Бірлескен жұмыстың арқасында инциденттер саны айтарлықтай қысқаруда, бұл біздің әріптестеріміздің зиянкестер тарапынан әртүрлі шабуылдарға жетілуін білдіреді.

KZ-CERT командасының жұмысы барлық Қазақстандықтардың интернет желісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.