«KZ-CERT» Қызметі интернетте есірткі трафигімен күресуде

Нұр-Сұлтан қ.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 46 интернет-ресурстардың анықталғаны және олар арқылы Қазақстан Республикасының барлық аумағында ЕСІРТКІ өнімдері сатылған туралы хабарлайды.

Қазақстандық интернет сегментін талдау барысында Қазақстан Республикасының аумағында ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сату ірі қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл және т.б.) , сондай-ақ оларға жақын өңірлерде (Зайсан, Зыряновск, Саран, Лисаковск және т.б.) жүзеге асырылды.

Мысалы, косметикалық заттарды сататын интернет-дүкендердің бірін де ЕСІРТКІ сатқан.

Сонымен қатар, Telegram мессенджерінде жабық топтар анықталды, оған қосылу тек генерацияланған сілтеме бойынша жүзеге асырылады.

«KZ-CERT» және құзыретті органдардың бірлескен жұмысының арқасында интернет-ресурстар бүгінгі күні қолжетімсіз.

Құрметті Қазақстандықтар!

«KZ-CERT» тағы осындай АҚ инциденттерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады, алайда сіздің назарыңызды есірткі сатушылар сату құралдарын таңдауда жиренбейтініне, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыратын жаңа беттерді жасау, ауыстыру тәуекелдеріне аударамыз. Сондықтан да біздің балаларымыздың, туған-туыстарымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығыңызды ерекше қырағылық танытуға шақырамыз және интернет-ресурстардың осындай түрі анықталған жағдайда бізге 1400 нөмірі бойынша немесе @kzcert телеграмм тобына хабарлауға шақырамыз.

Тек осылай ғана біз бұл есірткі трафигин желіде тоқтата аламыз.

«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі

Тел: 8-717-255-99-97

1400(моб.)

E-mail: info@kz-cert.kz

incident@kz-cert.kz

https://t.me/kzcert