Dr.Web-ден 2019 жылғы шілдедегі вирустық белсенділікке шолу

Шілде айында Dr.Web серверлерінің статистикасы маусыммен салыстырғанда айқындалған қатерлердің жалпы өскелең саны 54.21% төмендегенін тіркеді. Бұл ретте бірегей қатерлердің саны екі есеге жуық арта түсті. Пошталық трафикте бірінші позицияларда Microsoft Office құжаттарының осалдықтарын пайдаланатын зиянды БҚ орналасады. Айқындалған қатерлердің жалпы саны бойынша бұрынғыша жарнама бағдарламалары мен орнатқыштар бірінші орында. Шілде айында шифрлаушылар арасында Trojan.Encoder.858 бірінші орынды иеленді, «Доктор Веб» қолдау қызметіне деректерді талдап көрсетуге келіп түскен барлық өтінімдердің 21.15% оған қатысты болды.

«Доктор Веб» компаниясының талдаушылары ақылды құрылғыларға және тұтас алғанда Интернет заттарға (IoT) арналған белгілі қатерлер көрсетілген шолу түріндегі зерттеуді дайындады. Біздің мамандардың шолуы 2016 жылдан бастап зақымдалған құрылғылардан жинақталатын статистикалық деректерге негізделеді және IoT саласындағы қауіпсіздік проблемасына назарды тартуға арналған.

ШІЛДЕНІҢ БАСТЫ ҮРДІСТЕРІ

  • Бірегей зиянды БҚ тарату белсенділігінің артуы
  • Шифрлаушылар белсенділігінің төмендеуі

«Доктор Веб» статистика серверлерінің деректері бойынша

Өткен айдың қатерлері:

Adware.Ubar.13

Құрылғыға жағымсыз БҚ орнататын торрент-клиент.

Adware.Softobase.15

Ескірген бағдарламалық қамтылымды тарататын орнатушы бағдарлама.

Браузердің баптаулар өзгертеді.

Trojan.Packed.20771

Браузерлерге арналған іздестіру жүйелерінде беру нәтижелерінен басқа сайттарға бағыттаушы зиянды кеңейтулерді орнатады.

Trojan.Winlock.14244

Пайдаланушының операциялық жүйеге және оның негізгі функцияларына қолжетімділігін бұғаттайды немесе шектейді. Жүйені бұғаттаудан шығару үшін троянды әзірлеушілердің шотына ақша аударуды талап етеді.

Trojan.DownLoader29.14148

Пайдаланушының келісімінсіз зиянды бағдарламаларды жүктейді және орындайды.



Пошталық сервердегі зиянды бағдарламалардың статистикасы

JS.DownLoader.1225


    Exploit.Rtf.CVE2012-0158

    Зиянды кодты орындау үшін CVE2012-0158 осалдығын пайдаланатын өзгертілген

    Microsoft Office Word құжаты.

    W97M.DownLoader.2938

    Жұмыста Microsoft Office құжаттарының осалдықтарын пайдаланатын жүктеуші трояндардың тобы. Шабул жасалатын компьютерге басқа зиянды бағдарламаларды жүктеуге арналған.

    Exploit.ShellCode.69

    Зиянды Microsoft Office Word құжаты. CVE-2017-11882 осалдығын пайдаланады.

    JavaScript тілінде жазылған зиянды сценарийлер тобы. Компьютерге басқа зиянды бағдарламаларды жүктейді және орнатады.

Шифрлаушылар

«Доктор Веб» компаниясының техникалық қолдау қызметіне шілде айында келесі шифрлаушы трояндардан зардап шеккен пайдаланушылар бәрінен жиі жүгінген:

    • Trojan.Encoder.567 — 9.45%
    • Trojan.Encoder.858 — 21.15%
    • Trojan.Encoder.11464 — 8.01%
    • Trojan.Encoder.25574 — 4.93%
    • Trojan.Encoder.18000 — 3.90%
    • Trojan.Encoder.11539 — 3.08%
    • Trojan.Encoder.28004 — 1.85%
    • Ақпарат көзі: https://news.drweb.ru/show/review/?lng=ru&i=13377