«KZ-CERT» қызметі 2019 жылғы тамыз айының қорытындысын жасады

Ағымдағы жылдың тамыз айында 2 717 ақпараттық қауіпсіздік инциденті тіркелді. Оның ішінде 840 инцидент халықаралық ынтымақтастық шеңберінде тіркелді, ал «KZ-CERT» қызметі 903 АҚ инцидентін айқындады. Бұл халықаралық серіктестермен және ҚР аймағындағы заңды тұлғалармен жасалған келісім бойынша зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер мен фишингтік шабуылдар болжанып, зиянсыздандыру бойынша бірлескен және белсенді жұмыстар арқасында мүмкін болды.

Көрсетілген статистикадан инциденттердің динамикасы өзгергенін, сондай-ақ белсенділік шыңы 16 тамызға келіп, сонан соң зиянкестердің белсенділігі төмендегенін көруге болады.

Тіркелген АҚ инциденті ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуына талпыныстың тіркелуі болып табылатынын назарларыңызға саламыз. Әрбір оқиға бойынша жекелей АҚ тексерілуі жүргізіледі.

KZ-CERT қызметі командасының жұмысы Интернет желісін барлық қазақстандықтар үшін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.