Қызметтер

KZ-CERT мынадай қызметтерді көрсетеді:

-компьютерлік инциденттер туралы өтініштерді қабылдау және ақпараттық жүйелер мен Интернет желісін пайдаланушыларға компьютерлік инциденттерді ескертуде, алдын алуда және тексеруде жәрдемдесуді;

- компьютерлік құқық бұзушылықтардың (хакерлік және вирустық шабуылдар) жолын кесу кезінде нұсқау беру және консультативтік көмек беруді;

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен, сондай-ақ компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалық-техникалық құралдарды әзірлеушілермен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау;

- Қызмет call-орталығы арқылы пайдаланушылармен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.