APWG екінші жарты жылдағы фиш-сайттар мен домендер туралы

10.06.2015

2014 жылдың екінші жартысында Антифишингтік жұмыс тобы (APWG) өз дерекқорына шамамен 124 мың бірегей фишингтік сайтты енгізген болатын Бұл бірінші жарты жылдағы көрсеткішпен тең келді Толығырақ..

Айлакерлер Android-қа арналған ФБР атынан күштеп алатын БҚ таратуда

04.06.2015

Bitdefender АҚ–компаниясының сарапшылары Android-құрылғыларды пайдаланушыларды көздейтін жаңа кампания туралы хабарлады Кампания барысында айлакерлер күштеп алушы БҚ қамтитын спам-хабарламалар таратып, олар мобильдік құрылғылар мен олардың контентін бұғаттайды, ал содан кейін қолжетімділікті қалпына келтіру үшін $500 төлеуді талап етеді Толығырақ..

Linux базасындағы желілік құрылғыларға зиян келтіретін Moose атты зиянкес айқындалды

02.06.2015

ESET компаниясының зерттеушілері Linux базасындағы интернет желісіне шығуы бар DSL-модемдері мен үй маршрутизаторларынан бастап бейнебақылау жүйелері мен медициналық құрылғыларға дейінгі портативті желілік құрылғылардың әртүрлі типтерін зақымдайтын Moose жаңа зиянды БҚ талдау нәтижелерін жариялады Зиянкес мына құрылғыларда ең көп таралған: Actiontec, Hik Vision, Netgear, Synology, TP-Link, ZyXEL және Zhone Толығырақ..

Android-тағы ойындардың ойыншыларына арналған жалған антивирус

29.05.2015

ESET зерттеушісі Google Play-де әйгілі Minecraft онлайн-ойындарына арналған трейнер немесе чит-код ретінде бүркелетін 30-дан астам зиянды қосымшаны анықтады Жүктеу барысында бұл зиянкестер жалған антивирустар сияқты жұмыс істейді: құрылғыда табылған қауіптердің тізімін көрсетіп, олардан тазарту үшін ақша бопсалайды Толығырақ..

PuTTY ретінде бүркелетін троян анықталды

25.05.2015

Symantec компаниясының мамандары зардап шегушінің компьютеріне қолжетімділікке ие болатын және ақпаратты ұрлап алуға мүмкіндік беретін PuTTY SSH-клиентінің зиянкестермен жасалған зиянды нұсқасын анықтады Троянның таралуы 2013 жылдың аяғында басталған болатын, алайда оның таралуы ол уақытта минималды болған еді Толығырақ..