Ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника бойынша олимпиада басталады.

Мемлекеттік техникалық қызмет РМК Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесіп техникалық оқу орындарының 3-4 курс студенттерін және магистранттарын «Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, радиотехника мен телекоммуникациялар» атты II жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиаданың басталуы туралы хабарландырады. Тіркелу 2015 жылғы 1 сәуірден басталады.

Тіркеу процедураларын http://olympiada.sts.kz сайтына өтініш беру арқылы 1 -3 сәуір аралығында өтуге болады. Барлық сұрақтар бойынша olympiada@sts.kz электрондық почта арқылы хабарласуға болады.

Олимпиадаға қатысу тегін.

Жеңімпаздарды сыйлықтар күтуде – смартфондар мен планшеттердің соңғы үлгілері!

Өзіңе сеніп, олипиадаға қатыс, жүлдегер бол, сыйлықтар мен Мемтехқызмет РМК-да жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бол!