«Компьютерлік инциденттерге әрекет ету» тақырыбында семинарлар өткізу туралы

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша «Компьютерлік инциденттерге әрекет ету» тақырыбында семинарлар өткізілетіні туралы хабарлайды. Семинарлар келесі аймақтарда өткізіледі:

2015 жылғы 23 қыркүйек:

1. Талдықрған қ., Ақан Сері көшесі, 128/130 «Айсер» қонақ үйі.

2. Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі 25, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

3. Қызылорда қ., Айтбаева көшесі, 4 «Мереке» қонақ үйі.

2015 жылғы 25 қыркүйек:

4. Костанай қ., Әл-Фараби көшесі, 65, «Сity Kostanai» бизнес орталығы.

5. Шымкент қ., Бейбітшілік даңғылы, 4Б «Promenade Hotel» қонақ үйі.

Семинарға қатысу үшін алдын ала тіркелу керек. Семинар сағат 9:00-де басталады.

Қазіргі таңда мемлекеттік, жеке мекемелерде және қоғам өмірінің барлық саласындағы қызметтерде ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі оны қамтамасыз етудің тұрақты жүйесін құру қажеттілігін түсіндіреді. Осыған орай ақпаратты тиімді қорғау жүйесін құрастыру және конфиденциалдық (корпоративтік) ақпараттарды сақтау есебінен компанияның бәсекелестік басымдылығына қол жеткізу және қауіпсіз бизнесті жүргізу үшін қызметкерлерді оқыту мәселесі тұр.

Нақты іс-шараның негізгі мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, мекемелер ресурстары мен ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастыруға көмек беру, компьютерлік инциденттерді болдырмау және алдын алу саласында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы семинарға қатысушыларды ақпараттандыру.

Семинар мемлекеттік мекемелерге, құқыққорғау органдарына, жеке бизнес құрылымы басшыларына, Интернет-ресурстар иелеріне, байланыс операторларына және хостинг-провайдерлеріне арналған.

Лектор негізгі тақырып шеңберінде семинарға қатысушыларды ұйымдардағы ақпараттар үшін қауіп-қатер факторларымен таныстырады. Онда оның алдын алу шаралары туралы, компьютерлік инциденттердің пайда болуы үшін негізгі шарттар туралы, компьютерлік инциденттермен жасалған шығындарды төмендету үшін заңды және техникалық шарттар туралы айтылады.

KZ-CERT қызметі туралы, Интернет желісі қазақстандық сегментінің пайдаланушылары үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлер деңгейін төмендету бойынша, Орталықтың негізгі міндеттері мен алғашқы уақыттағы жоспарлары туралы «Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығы» өкілдері семинарда баяндайды.

Соңында барлық қатысушыларға «Компьютерлік инциденттерге әрекет ету» ақпараттық семинарға қатысқаны туралы Сертификаттар беру жоспарлануда.