Алаяқты бағдарламалық қамтама

Трояндық бағдарламалар, кейлоггерлер, тыңшылық бағдарламалар – зиянды бағдарламалық қамтаманың бұл түрлері жаңа қылмыс түрлерін жүзеге асырды және оларды ашуды әжептеуір қиындатады.

Алаяқты бағдарламалық қамтама дегеніміз не?

Қылмыс орындауда қолданылатын зиянды бағдарламалардың көбісі – әр түрлі трояндық бағдарламалар немесе трояндықтар. Олардың біреулері пернетақтада басылатын пернелер тізбегін тіркеп, басқалары банк қызметтерін ұсынатын сайттарға кіру кезінде экранды суретке түсіреді, үшіншілері хакерге қашықтықтағы компьютерге қол жеткізуді ұсынады және т.с.с. Барлық бұл бағдарламаларды олардың зиянкестерге құпия ақпаратты жинап, оны қолданушылардан ақша ұрлау үшін қолданатындығы біріктіреді.

Компьютерді хакерлік шабуылдардан және зиянды кодтан қалайша қорғауға болады?

Сіз, төменде келтірілген қарапайым ережелерді ұстанған жағдайда, өз компьютеріңізді хакерлік шабуылдардан және зиянды кодтан қорғай аласыз:

· Өз компьютеріңізде ақпараттық қатерлерден қорғайтын шешімді орнатыңыз.

· Операциялық жүйе және қолданбалы бағдарламалар жаңартуларын ұдайы түрде орнатыңыз, бұл жаңартулар олардың қауіпсіздігіндегі бос орындарды жояды. Егер сіз Microsoft® Windows® қолдансаңыз, сізге әр ай сайын жаңартуларды өз қолыңызбен жүктеп жатудың қажеті жоқ, автоматты жаңартулар режимін орнату жеткілікті – Пуск | Панель управления | Центр обеспечения безопасности Windows® (Start | Control Panel | Security Center. Егер сіз Microsoft® Office дестесін қолдансаңыз, оның жаңартуларын үнемі орнатуды ұмытпаған жөн.

· Егер сіз электрондық поштада салынған қосымша файлы бар хабарламаны қабылдасаңыз (Word құжаты, Excel кестесі, .EXE кеңейтілімді орындаушы файл және т.б.), бұл хаттың жіберушісі сізге таныс емес болған жағдайда, қосымшаны ашпаңыз. Сіз мұндай хабарламаны күтпеген жағдайда, қосымшаны ашпаңыз. ЕШ УАҚЫТТА жағымсыз хабарламаларда (спам) жіберілген қосымшаларды ашпаңыз.

· Сіздің компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалар жаңартуларын ұдайы түрде (күніне бір реттен кем емес) орнатыңыз.

· Өзіңіздің компьютеріңізде әкімгер құқығы бар тіркелу жазбасын жүйе күйге келтірулерін өзгерту қажет болған немесе жаңа бағдарламаларды орнату қажет болған жағдайда ғана қолданған жөн. Күнделікті қолданыс үшін шектелген қолданушы құқықтары бар бөлек тіркелу жазбасын құрыңыз (ол үшін Басқару тақтасындағы «Учетные записи пользователей» («Қолданушылардың тіркелу жазбалары») бөліміне кіру қажет). Бұл өте мааңызды, себебі шабуыл кезінде зиянды код сіз жүйеге кірген құқықтар деңгейін иеленеді. Сіз жүйеде әкімгер құқықтарымен тіркелген жағдайда, вирус, желілік құрт не трояндық бағдарлама сол деңгейді иеленіп, зиянды бағдарламалық қамтама жүйеде сақталынған түйінді деректерге қол жеткізеді.

· Өз деректеріңіздің резервілік көшірмелерін үнемі компакт-дискілерде (CD), DVD-дискілерде сыртқы USB-жинағышта сақтатңыз. Қатты дисктегі деректер зақымдалған не зиянды бағдарламамен шифрленген жағдайда, сіз оларды резервілік көшірмеден қалпына келтіре аласыз.

Ақпарат көзі:

Kaspersky.ru