Мемлекеттік органдар міндетті түрде қолдануы тиіс бірыңғай нормативтік-құқықтық құжат бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар» бекітілді (БТ).

БТ-ны әзірлеуге ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз ету процестерін бірыңғай ұйымдастырушылық-техникалық реттеу қажеттілігі ықпал етті.

БТ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай тәсілдерді, қағидаттарды, техникалық шешімдер мен стандарттар енгізуді қамтамасыз етуге, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпаратық жүйелердің, электрондық ақпараттық ресурстар мен оларды қолдау инфрақұрылымының қорғалу деңгейін жоғарылатуға арналған.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін БТ мына міндеттерді шешеді:

- мемлекеттік басқарудың ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарды ақпараттандыруды ұйымдастыру және басқару қағидаттарын айқындайды;

-ақпараттандыру объектілерінің АҚ-сын қамтамасыз ету мен басқарудың бірыңғай қағидаттарын айқындайды;

-АҚ қамтамасыз ету міндеттерін шешу қажеттілігін ескере отырып, ақпараттандыруды басқару рәсімдерінің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды;

- ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрылымдау, оның элементтерін біріздендіру мен серверлік үй-жайларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді;

- ақпараттандыру объектілерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар ұсынымдарының міндетті қолданылуын белгілейді.

KZ-CERT қызметі аталған талаптарды орындау міндеттілігін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзі-өзін басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері мен иеленушілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелерінің және иеленушілерінің назарына жеткізеді.