Хакерлер «YouTube тарихындағы ең ауқымды бұзуды» іске асырды

OurMine хакерлік тобы танымал блогерлердің пішіндерін қоса, мыңдаған YouTube-аккаунттарды бұзды.

Зиянкестер роликтердің тақырыптарына өз тобының атауын қосып, сипаттамасында «бұзу «қауіпсіздікті тексеруге» байланысты» деп түсіндірілген хат қалдырған. Сондай-ақ, хатта орын алған оқиға «YouTube тарихындағы ең ауқымды бұзу» болып табылады деген пікір жазылған.

Инциденттің нәтижесінде ouTube-та 1,2 мыңнан астам арнаны тарататын Studio71 компаниясына зиян келтірілді. RomanAtwoodVlogs (12 миллионнан артық жазылушы), JustKiddingNews (1,5 миллионнан артық жазылушы) және Wranglerstar (жарты миллионнан артық жазылушы) арналарында хакерлік рейдтің белгілерін бүгінгі күнге дейін табыуға болады.

Блогерлердің біреуінің айтуынша, YouTube бұзылған аккаунттардың қорғалуын қамқорлыққа алып, хакерлер құпия ақпаратты ұрлай алмады деп сендіреді.

OurMine тобы атақты адамдардың аккаунттарын бұзып танымал болған. Топтың мүшелері әр жолы қауіпсіздікті тексеруді жүргізіп жатқаны туралы хат қалдырады және белгілі сомаға өздерінің қорғауды нығайту бойынша көрсететін қызметтерін ұсынады. OurMine әр уақытта Facebook құрушысы Марк Цукербергтің, Twitter бастығы Джек Дорсидің, Google басшысы Сундар Пичайдің және Yahoo! президенті Марисса Майердің акканттарына шабуыл жасаған.

Ақпарат көзі: lenta.ru