2017 жылғы 12 мамырда Астана қаласында өтетін «Бүгінгі киберқауіптер көрінісі – мемлекетке және жеке тұлғаға қандай қауіп төніп тұр?» ақпараттық-техникалық іс-шараның анонсы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Касперский зертханасы» АҚ бірлесе отырып, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институтының қолдауымен «Бүгінгі киберқауіптер көрінісі – мемлекетке және жеке тұлғаға қандай қауіп төніп тұр?» атты ақпараттық-техникалық іс-шараны ұйымдастырып отыр.

Іс-шара барысында сөз сөйлейтіндер:

Брюс Шнайер – белгілі америкалық криптограф, жазушы және компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі маман, ақпараттық қауіпсіздік, криптография және қауіпсіздік жөніндегі бірнеше кітаптардың авторы;

Денис Легезо - Касперский зертханасының GREAT әзірлеу және зерттеу орталығының сарапшысы;

Ержан Сейітқұлов - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институтының директоры;

Олег Биль - «МТҚ» РМК бас архитекторы.

Өткізілу орны - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас корпусы, 259 аудитория, 12 мамыр, 10:00-13:00

Іс-шарада мынадай тақырыптар қозғалады:

Ақпараттық технологиялардың әлемдік экономикаға және әлеуметке әсері;

«Заттар интернеті» және оның күнделікті өмірге енуі;

Әлемдегі киберқауіптердің этимологиясы мен статистикасы;

Қазақстан Республикасындағы киберқауіптер көрінісі;

Заманауи ақпараттық қоғамда өзін-өзі ұстау стратегиясы;

Киберқауіптердің салдарлары және олардың адам өміріне әсері;

Заманауи экожүйедегі киберқауіпсіздік бойынша жаңа дағды мен білім алу;

Қазақстан Республикасында жаңа білім алудың қолжетімді тәсілдері.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелуміндетті түрде.

Тіркелу үшін байланыс деректерін (ТАӘ толығымен, жұмыс орны, лауазымы) o_bil@sts.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.

Тіркеудің аяқталуы - 2017 жылғы 11 мамыр, сағат 15-00-де.

Назар аударыңыз - орындар саны шектелген!

Байланысушы тұлға – Олег Биль.