Назар аударыңыз! Зиянды бағдарламалық қамтылымды тарату

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі дербес компьютерлердің пайдаланушыларына зиянды бағдарламалық қамтылым таратылатынын хабарлайды.

Зиянды БҚ-ны тарату мақсатында ақпарат пайдаланушылардың поштасына келеді, файл ашылғаннан кейін құрылғылардағы ақпаратты зақымдау және оларды жою орындалады.

Осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтауды ұсынамыз:

  • Егер сіз электрондық пошта арқылы файлы бар (Word түріндегі құжат, Excel кестесі, .EXE кеңейтуі бар орындалатын файл және с.с.) хабарлама алсаңыз, хатты жіберуші бейтаныс болған жағдайда, файлды ашпаңыз. Сіз мұндай хабарламаны күтпеген кезде файлды ашпаңыз. Жағымсыз хабарламаларда (спам) жіберілген файлдарды ЕШБІР ЖАҒДАЙЛАРДА ашпаңыз;
  • Компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңартуларды үнемі (кем дегенде күніне бір рет) орнатыңыз;
  • Деректеріңіздің резервтік көшірмелерін тұрақты түрде компакт-дискіге (CD), DVD-дискіге немесе сыртқы USB-жинақтаушыға сақтаңыз. Қатты дискідегі деректерді зиянды бағдарлама зақымдаған немесе шифрлаған жағдайда сіз оларды резервтік көшірмеден қалпына келтіре аласыз.

Толығырақ ақпаратты «1400» жедел желі телефонына хабарласып алуға болады (қоңырау шалу Қазақстан Республикасының барлық аумағында тегін)