Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидалары

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әркет ету қызметі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 811 бұйрығымен бекітілген Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларымен (бұдан әрі-Қағидалар) танысуды ұсынады.

Аталған Қағидалар Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде орналасқан Интернет-ресурстарды адрестеу үшін «.KZ» және «.ҚАЗ» домендік атауларды пайдаланатын Интернет-ресурстарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына сәйкес Қағидалар 2010 жылғы
17 қазаннан
бастап қолданысқа енгізілді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 811 бұйрығымен күші жойылды.

Осыған байланысты Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде 2010 жылғы 17 қазанға дейін тіркелген барлық Интернет-ресурстарға аталған Қағидалар қолданылмайды, алайда екінші деңгейлі домендік атауы бар ukos.kz Интернет-ресурсы мысал ретінде келтірілген ерекшеліктер де бар.

Көрсетілген ресурс 2010 жылғы 30 тамызда тіркелген және Қағидалар оған қолданылмайды. Ал үшінші деңгелі домендік атауды, мәселен playgames.ukos.kz тіркеу үшін Тіркеу қағидаларының тармақтарын қатаң сақтау қажет.

Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес Домендік атауды Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде пайдалану мына жағдайларда уақытша тоқтатылады:

1) тіркелуші домендік атауды тіркеу үшін ұсынған өтінімде тіркелуші туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер айқындалған кезде, Қағидалардың осы тармағын бұзудың салдары, ақпараттық қауіпсіздікке (бұдан әрі-АҚ) әсер ететін инцидент айқындалған жағдайда, Интернет-ресурстың иеленушісімен байланысу және оны АҚ туралы хабардар ету мүмкін емес;

2) тіркелген домендік атауы бар интернет-ресурс орналастырылатын аппараттық-бағдарламалық кешеннің Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасуы, Қағидалардың осы талабы Интернет-ресурс орналастырылатын жабдықтың нақты Қазақстан Республикасы аумағында орналасуын талап етеді;

3) интернет-ресурста Интернетті қауіпсіз пайдалануға қатер төндіретін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің айқындалуы (тіркеген кезде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда иеленушісін хабардар ету мүмкін болмаса, интернет-ресурстың уақытша тоқтауына әкеледі);

4) домендік атауды пайдалануды уақытша тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы (домендік атаудың әрекетін уақытша тоқтау уәкілетті органның өтініші бойынша және интернет-ресурстың иеленушісін орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы хабардар ете отырып жүзеге асырылады).

Компьютерлік инциденттерге әркет ету қызметі Қағидалардың шеңберінде мыналарды мониторингтеуді жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан Интернет-ресурстарды (тексеру нәтижелері шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі);
  • зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді тарататын Интернет-ресурстарды (нәтижелері иеленушісіне (деректер дұрыс көрсетілген жағдайда) және тіркеушіге (KazNic, Hoster.kz және т.б.) жіберіледі).

Домендік атауларды тіркеу бойынша толығырақ ақпарат алу үшін
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әркет ету қызметіне хабарласуды сұраймыз.

1400 – Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша ақысыз жедел желі