Назар аударыңыз! Компьютерлерге жасалатын жаппай вирустық шабуыл

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі белгілі вирустың түрленімі болып табылатын - PETYA.A зиянды бағдарламалық қамтылымының таралуы туралы хабарлайды.

Ол қатты дискіні зақымдайды және хаттардағы сілтемелердің көмегімен таралады.

Вирустың шабуылдары 80 астам ресей және украина компанияларына нұқсан келтірді.

KZ-CERT қызметі вирустың таралуына жол бермеу үшін 1024-1035, 135 және 445 TCP-порттарын жабуды ұсынады.

Зақымдалу айқындалған кезде компьютерді АЖЫРАТПАЙ, құрылғыны интернеттен ажыратып гибернация режиміне ауыстыру.

Толығырақ ақпаратты «1400» жедел желі телефонына хабарласып алуға болады (Қазақстан Республикасының барлық аумағында қоңырау шалу тегін)