Назар аударыңыз! Жаппай вирустық шабуыл

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі NotPetya (ExPetr, PetrWrap, Petya.А, Diskcoder.C ретінде белгілі) белгілі вирусының түрленімі болып табылатын зиянды бағдарламалық қамтылымның екінші толқыны таралып жатқанын ескертеді.

Желінің барлық тораптары соңғы нұсқасына дейін жаңартылған және заманауи айқындау технологияларын қолдайтын кешенді вирусқа қарсы
БҚ-мен қорғалғанына көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ, бұрын жарияланған желіні қорғау жөніндегі ұсынымдарды сақтауды қатаң түрде ұсынамыз.

KZ-CERT қызметі қазіргі уақытта Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне (ИҚБШ) қосылған мемлекеттік органдарды әлемдік вирустық шабуылдардан қорғау бойынша барлық шараларды қабылдап жатқанын хабарлайды.

Толығырақ ақпаратты «1400» жедел желі телефонына хабарласып алуға болады (Қазақстан Республикасының барлық аумағында қоңырау шалу тегін)