Жанармай құю колонкаларындағы скиммерлер төлем карталарының деректерін SMS-хабарламалар арқылы жібереді

Зиянкестер автомай құю станциясының жанармай құю немесе газ құю колонкаларының ішіне орнататын банктік карталардың деректерін оқуға арналған құрылғылар, әдетте, деректерді жіберу үшін Bluetooth-модульді пайдаланады. Мұндай скиммерлердің кемшілігі құрылғыларды ұялы телефоны бар кез келген адам айқындай алатынында, алайда қылмыскерлер ұрланған деректерді мәтіндік хабарламалар арқылы жіберетін скиммер әзірлеп, проблеманың шішімін тапты.

Сарапшы Брайан Кребстің айтуынша, мұндай тәсілдің жаңа еместігіне және деректерді скиммерлерден жіберу үшін кеңінен қолданылатынына қарамастан, осындай құрылғының автомай құю станциясының жанармай құю колонкасында табылғаны алғашқы рет.

«GSM» - скиммерлер Нью-Йорктің бірнеше автомай құю станциясында айқындалды. Құрылғы ұялы телефон құрауыштарынан, SIM-картадан құрастырылған және сорғының қуаттау көзін пайдалана алады.

Полиция қызметкерлері құрылғыларды зерттеуді жалғастыруда, дейді Кребс. Скиммерлерді құру үшін пайдаланылған мобильдік гаджеттердің түрін атау әлі қиын. SIM-картада құқық қорғаушылар оның ICCID (Integrated Circuit Card Id) бірегей сериялық нөмірінен басқа қандай да бір деректер айқындаған жоқ.


Скиммер – зиянкестер банкітк карталардың магниттік жолдарынан ақпаратты оқу үшін пайдаланатын құрылғы.

Ақпарат көзі: securitylab.ru