Cerber күшпен алушының жаңа нұсқасы Биткойн-әмияндар мен парольдерді ұрлайды

Пайдаланушылар енді күшпен алушыларға қатысты қосымша қауіптенуі тиіс. Cerber зиянды бағдарламасының жаңа нұсқасы Биткойн әмияндар мен парольдерді ұрлап, одан кейін файлдарды шифрлайтын және ақы төлеуді талап ететіндей пысықталды. Шифрлаушының жаңа түрі Биткойн-әмияндардың үш қосымшасының файлдарын іздейді: Bitcoin Core, Electrum және Multibit wallets. Осы файлдарды айқындаған кезде күшпен алушы оларды зиянкестердің командалық серверіне жібереді, содан соң оларды құрбанның компьютерінен жояды. Cerber сонымен қатар Internet Explorer, Google Chrome және Mozilla Firefox сақталған парольдерді ұрлауға әрекет жасайды.

Trend Micro зерттеушілері әмияндарды алу олардағы биткойндердің ұрланатынын білдірмейді, себебі зиянкес оларға қол жеткізу үшін парольді бәрібір білуге тиіс дейді. Дегенмен, хакерлер парольді білу тәсілін табуы мүмкін немесе оны да пайдаланушының компьютерінен ұрлай алады. Cerber кезі келгенде киберқылмыскерлерге түсірген пайдасы аз емес, алайда олар үшін бұл жеткіліксіз көрінеді.

Зақымдау тәсілі өзгермегенін де атап өту қажет – Cerber бұрыңғыша электрондық пошта бойынша жеткізіледі, Nemucod троян оны жүктейді. Тексерілмеген дереккөзінен келіп түсетін хаттардағы хабарламаларды ашпау- аталған және басқа да зиянды бағдарламалармен зақымдалу тәуекелін төмендетудің жақсы тәсілі.

Ақпарат көзі: anti-malware.ru