Қызметтің «Ботнеттерден қалай қорғалуға болады?» ұсынымдары

Пайдаланушыларға мынадай іс-қимылдарды орындау ұсынылады:

  • Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды пайдалану және қолдап отыру. Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым вирустың түрін айырып таниды және сіздің компьютеріңізді қорғайды. Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды жаңарту маңызды.

-Зиянды бағдарламаларға қарсы бағдарламалық утилиталарды пайдалану. Зиянды бағдарламалық қамтылымды айқындайтын және жоятын заңды бағдарламаны пайдалану.

ESET

https://www.esetnod32.ru/home/products/online-scanner/run/(Windows XP SP2, 2003 SP2, Vista SP1, 2008, 7 и 8)

Касперский

http://www.kaspersky.ru/free-virus-scan (Windows XP SP2, 2003 SP2, Vista SP1, 2008, 7 и 8)

drWEB

https://free.drweb.ru/linkchecker/google+chrome/

F-Secure

https://www.f-secure.com/en/web/home_global/online-scanner (Windows Vista, 7 и 8)

McAfee

https://www.mcafee.com/stinger (Windows XP SP2, 2003 SP2, Vista SP1, 2008, 7 и 8)

Microsoft

https://www.microsoft.com/security/scanner/en-us/default.aspx (Windows 8.1, Windows 8, Windows 7, Windows Vista, and Windows XP)

Операциялық жүйе мен бағдарламалық өнімдерді жаңарту

Пайдаланушылардың соңғы жаңартуларды орнатып үлгермегеніне сеніп артып, зиянкестер бағдарламалық қамтылымдағы белгілі осалдықтарды жиі пайдаланады.

Бірінші кезекте бұл Windows операциялық жүйесіне қатысты, сондықтан ОС-ны автоматты жаңартуды тексеру және қажет болған кезде белсенді ету қажет:

Іске қосу – Басқару панелі - Windows жаңарту орталығы - Параметрлерді баптау - Жаңартуларды жүктеу және орнату әдісін таңдаймыз.

Бағдарламаларды шектеп пайдалану

Қауіпсіздік деңгейін жоғарылату үшін біз белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін кез келген бағдарламалардың іске қосылуын бұғаттауға болады. Мұндай баптаулар тек қана Windows және Program Files папкалары үшін өздігінен орнатылған:

Локальдық топтық саясатты былай баптауға болады: Орындау - gpedit — Компьютердің конфигурациясы – Windows конфигурациясы – Қауіпсіздік параметрлері – Бағдарламаларды шектеп пайдалану саясаттары – ПКМ - Бағдарламаларды шектеп пайдалану саясатын құру.

Қарапайым пайдаланушының есеп жазбасын пайдалану

Әкімшінің есеп жазбасымен жұмыс істеу тіпті тәжірибелі пайдаланушыларға да ұсынылмайды. Есеп жазбасының құқықтарын шектеу абайсызда зақымдалған кезде зиянды барынша азайтуға мүмкіндік береді:

Әкімшінің есеп жазбасын іске қосу – Парольді енгізу – Ағымдағы пайдаланушыдан әкімшілік құқықтарын алу – Пайдаланушылар тобына қосу.

Әкімші құқықтарымен іс-қимылдар жасау үшін Windows-та арнайы аспап көзделді – қандай да бір операцияны орындау үшін пароль сұрататын «Есеп жазбаларын бақылау».

Баптауларды мына жерде тексеруге болады: Іске қосу – Басқару панелі – Пайдаланушылардың есеп жазбалары – Есеп жазбаларын бақылау параметрлерін өзгерту – Өздігінен – Компьютерге өзгерістер енгізуге әрекеттер жасалған кезде ғана хабардар ету.

Жүйені қалпына келтіруді бақылау нүктелері

Кейде вирустар қорғаудың барлық деңгейлерінен бәрібір өтеді. Мұндай жағдайда сіздің жүйенің бұрыңғы жай –күйіне шегіну мүмкіндігіңіз болу керек. Бақылау нүктелерін автоматты құруға былай баптауға болады: Менің компьютерім – ПКМ – Ерекшеліктер – Жүйені қорғау – Қорғау параметрлері.

Операциялық жүйені орнатқан кезде қорғау жүйелік дискіге ғана өздігінен іске қосылған, алайда шифрлаушы сіздің ДК-дағы барлық бөлімдердің мазмұнын қозғайды. Файлдарды стандартты құралдармен немесе Shadow Explorer бағдарламасымен қалпына келтіру үшін барлық дискілерге арналған қорғауды іске қосу қажет. Бақылау нүктелері жадының кейбір көлемін алады, алайда зақымдалған жағдайда олар сіздің деректерді құтқара алады.

Резервтік көшіру

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ең маңызды ақпараттың резервтік көшірмелерін үнемі жасауды ұсынады. Осы шара вирустардан ғана қорғалуға көмектеспей, қатты дискі істен шыққан жағдайда сақтандыру ретінде болады. Деректердің көшірмелерін міндетті түрде жасап, оларды сыртқы тасығаштарда немесе бұлтты сақтау орындарында сақтаңыз.