Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің Интернет-ресурстарына DDoS-шабуыл

2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің Интернет-ресурстарына бастырмалатып жасалған DDoS-шабуыл тіркелді. Нәтижесінде банктердің жекеленген Интернет-ресурстары белгілі уақыт ішінде қолжетімсіз болды. Шабуыл шетелдік IP-мекенжайларынан жүзеге асырылды, бұл туралы осы елдердің тиісті Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері дереу хабардар етілді.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК базасында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық – коммуникациялық ресурстарды қорғау жүйесі ел инфрақұрылымының аса маңызды объектілерін қорғау үшін пайдаланылады.

Сонымен бірге екінші деңгейдегі банктердің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен күшімен аталған шабуылдар бұғатталды, банктердің Интернет-ресурстарының жұмысы қазіргі уақытта штаттық режимде жүзеге асырылуда, барлық қазақстан банктерінің ақпараттық жүйелерін қорғау жүйелерін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК