Барлық Intel процессорларында осалдық айқындалды

Барлық Intel процессорларында осалдық айқындалып, оны жою үшін Windows, macOS және Linux кодтың бөлігін қайта жазуға мәжбүр болады.

Айқындалған қатені компьтерлердегі парольдерге, тіркеу деректері мен басқа қорғалған ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдалану қаупі туындап отыр.

Әлемдік БАҚ-тар бұрын Intel процессорларындағы осалдықты жабу үшін Windows және Linux әзірлеушілері жүйелердің ядроларын қайта өңдеуге мәжбір болғанын хабарлаған болатын. Зерттеушілердің ақпараты бойынша жаңартулар компьютерледің моделі мен нақты міндеттеріне байланысты өнімділігін 5-30% дейін төмендетеді. Apple осалдықты 6 желтоқсандағы macOS жаңартуында ішінара жапты. Linux ядроны жаңартуы желтоқсанда жарық көрді.

Microsoft Intel процессорларындағы осалдыққа байланысты Windows арналған кезектен тыс патч шығарғанын жариялады. Жаңарту Windows 10, 8 және 7 нұсқаларына қолжетімді болады.

Windows 10 автоматты түрде 4 қаңтарда жаңартылады (код KB4054022), жүйенің басқа нұсқаларының иеленушілеріне патчты қолмен қоюға тура келеді.

Microsoft шапшаң әрекет етуіне қарамастан, патчтардың да жұмысқа қабілеттілігі процессорларды өндірушілердің бағдарламалық қамтылымдарды жаңартуларына байланысты. Кейбір бағдарламалардың әзірлеушілері де, мәселен, вирусқа қарсы бағдарламалар, ядро деңгейіндегі өзгерістерге байланысты жаңа нұсқалар шығаруға мәжбүр болады. Сондай-ақ, Microsoft жедел жаңартудың көмегімен бұлтты серверлерді жаңартады.

Осалдықтардың толығырақ сипаттамалары мына сілтемелер бойынша беріледі: https://www.kb.cert.org/vuls/id/584653 және https://googleprojectzero.blogspot.com/2018/01/rea...